Тапсырмалардың құпиясөзін өзгерту шебері

Жергілікті емес тапсырма үшін, сіз тапсырманы іске қосуға құқық беретін есептік жазбаны көрсете аласыз. Есептік жазбаны, тапсырманы жасау кезінде немесе қолданыстағы тапсырманың сипаттарында көрсетуге болады. Егер аталған есептік жазба ұйымда белгіленген қауіпсіздік ережелеріне сәйкес пайдаланылса, бұл ережелер есептік жазбаның құпиясөзін мезгіл-мезгіл өзгертуді талап етуі мүмкін. Есептік жазба құпиясөзінің мерзімі аяқталғаннан кейін және жаңа құпиясөзді орнатқаннан кейін, тапсырма сипаттарында жаңа жарамды құпиясөзді көрсеткенге дейін тапсырма іске қосылмайды.

Тапсырмалардың құпиясөзін өзгерту шебері, есептік жазба көрсетілген барлық тапсырмаларда ескі құпиясөзді жаңасына автоматты түрде тапсыруға мүмкіндік береді. Мұны әр тапсырманың сипаттарында қолмен жасауға болады.

Тапсырмалардың құпиясөзін өзгерту шеберін іске қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Тапсырмалар түйінін таңдаңыз.
  2. Басқару сервері түйінінің контекстік мәзірінде Тапсырмалардың құпиясөзін өзгерту шебері тармағын таңдаңыз.

Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Бұл бөлімде:

1-қадам. Есептік деректерді таңдау

2-қадам. Орындалып жатқан әрекетті таңдау

3-қадам. Нәтижелерді қарап шығу

Басына оралу